Текст
Атбасар ауданының мектеп кітапханашылары мектеп оқушылары үшін әдеби досье өткізіп, қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған көрмелер ұйымдастырды. Мұхтар Әуезов өзінің шығармашылық еңбектерімен қазақ стильдік мектебінің қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен алғашқы әдебиетші болды. Оның арқасында Н. Гогольдің "Ревизор", У.Шекспирдің "Отелло", К. Треневтің "Любовь Яровая" пьесалары сияқты классикалық әлемдік әдебиеттің жауһарлары алғаш рет қазақ тіліне аударылып, жұртшылыққа қолжетімді болды. М. Әуезовтің шығармалары бірнеше рет қайта басылып, әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.