28.09.2022
2022 жылдың 27 қыркүйегінде ZOOM платформасы арқылы облыстық семинар өтті. Семинарға инклюзивті білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, инклюзивті тәжірибені енгізу бойынша тірек ұйымдар қатысты. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жағдай жасау, орта білім беру ұйымдарында ЕБҚ бар балаларды оқыту мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттардағы өзгерістер туралы, жалпы білім беретін мектепте ЕБҚ бар балаларға арналған оқыту нысаны мен бағдарламасын айқындау, ЕБҚ бар балаларға арналған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын бейімдеу, ЕБҚ бар балаларға арналған Жеке оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын жасау мәселелері қаралды. оқу бағдарламасын ескере отырып, оқытудың арнайы балама әдістерін қолдану бойынша сұрақтар қарастырылды. Отырыс соңында сұрақтар қойылып, ұсыныстар берілді.
Инклюзивті білім бері әдіскері Абитаева Ә.З