Текст
Атбасар ауданының мектеп кітапханашылары «Буккроссинг! Бұл қалай жұмыс істейді?» тақырыбына ақпараттық сағат өткізді. Буккроссинг- бұл кітап алмасу акциясы. Мақсаты: жаңа әдебиеттерге оқырманның ашықтығын, қолжетімділігін және сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін заманауи интерактивті тәсілдер арқылы заманауи оқушының назарын кітапқа аудару, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Буккроссингтің негізгі қағидасы: «Оқысаң – басқаға бер». Мектептегі буккроссинг балаларға көптеген жаңа авторлар, жаңа шығармалар туралы білуге көмектеседі.