22.09.2022
21 қыркүйек 2022 жыл білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушина ауданның мектеп директорларымен бейнеконференцбайланыс арқылы кеңес өткізді. Наталья Георгиевна директорларға 23 қыркүйек, жұма күні бірыңғай күн тәртібімен, аудандық аурухана қызметкерлері мен ішкі істер органдарының шақыруымен ата-аналар жиналысын өткізу қажеттігін жеткізді.
Бірқатар жұмыс мәселелері қаралды: Әдіскер Нұрмағамбетова Қ.Қ. құқық бұзушылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу қажеттігін айтты. Қымбат Қайыржановна жол қозғалысы ережелері мәселесіне тоқталып, оқушылардың сырт киімдері мен мектеп сөмкелеріне шағылыстыратын ленталардың болуы керектігіне тоқталды.
Әдіскер Завьялова Е.В. мектеп психологтарының жұмысын ұйымдастыру туралы айтты. Елена Викторовна әлеуметтік тәуекел топтары бойынша есептерді уақытылы тапсыру қажеттігін атап өтті.
Өз сөзінде әдіскер Абитаева А.З. директорларға окушылардын әлеуметтік паспортын уақытылы ресімдеу, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі окушылардын тізімдерін жасау қажеттілігі туралы хабарлады.
Бас маман Исаеитова А.Т. директорларды Кенгуру математикасы баршаға арналған олимпиада, IQanat олимпиадасы, Qabilet тестілеуін өткізу және тіркеу мерзімдерімен таныстырды. Ол ықшамауданды айналып өту, оқушылардың тізімдерін тапсыру, түлектердің жұмысқа орналасуына растайтын құжаттарды беру және оқушылардың мектепке баруын бақылау бойынша директорларды бақылау және жеке қатысу қажеттілігіне назар аударды.
Кітапхана ісі әдіскері Шаймерденова М.А. директорларды қазақ тіліндегі оқырмандар байқауының шарттарымен таныстырды. Мәрзия Айтпайқызы BookCrossing репортажының ұйымдастырылуы мен ережелеріне назар аударды.
Соңында Наймушина Н.Г. директорларды ата-аналармен үлгілік келісім-шарттар жасау, тамақтандыру туралы хабардар етті және Мұғалімдер күні мен Қарттар күні мерекелік іс-шараларды өткізу тәртібімен таныстырды.