Текст
2022 жылғы 15-16 қыркүйек аралығында офлайн форматта Көкшетау қаласындағы №4 жалпы білім беретін мектептің базасында ҚР БҒМ "Ұлттық ғылыми - практикалық дене шынықтыру орталығы "РМҚК және"Қазақстан футбол федерациясының қауымдастығы" бастамасымен "D"санатты футбол бойынша курстар өтті. Курстық дайындыққа Атбасар ауданының жалпы білім беретін мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдері қатысты. Екі күндік теориялық және практикалық сабақтар аяқталғаннан кейін мұғалімдер курстардан өткені туралы сертификаттар алды.