16.09.2022
2022 жылғы 16 қыркүйекте ZOOM платформасы арқылы Ақмола облысы білім басқармасының оқу – әдістемелік кабинетінің әдіскері Ақмола облысының білім бөлімдерінің психологиялық қызметке жетекшілік ететін әдіскерлерімен, тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлермен орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдарды түсіндіру жөнінде кеңес өткізді.
Инара Ибраимовна психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттеріне, қағидаттарына, ата – аналарды және өзге де заңды өкілдерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жөніндегі жұмыс, психологиялық қызметке қатысушылардың құрамы мен функционалдық міндеттері, жұмыс уақытының ұзақтығы, психологиялық қызмет мамандарының істер номенклатурасын жасау және т.б. туралы хабардар етуге тоқталды.
Қатысушылар сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алды.