09.09.2022
2022 жылдың 09 қыркүйегінде «Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында Атбасар ауданының білім беру мекемелерінің сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырушыларымен, педагог – психологтарымен, әлеуметтік педагогтарымен кеңес өткізілді.
Тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскер К.К. Нурмагамбетова қатысушыларды өмірлік қиын жағдайдың туындау қаупі бар аймақтағы отбасылар мен тұлғаларға көмек көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмімен таныстырды. Қымбат Қайыржанқызы адам өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін негізгі критерийлерге тоқталып, білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының, жұмыспен қамту бөлімінің, ішкі істер бөлімінің жоғарыда аталған адамдарға көмек көрсету жөніндегі іс-әрекеттерімен таныстырды.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі әдіскер, ауданның психологиялық қызметінің кураторы Е.В. Завьялова қатысушыларды білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің бекітілген ережелерімен таныстырды. Психологиялық қызметтің құрамымен, мақсаттарымен және міндеттерімен таныстырды. Психологиялық қызметтің әр маманы үшін жұмыс жоспарын құру мәселелері қаралды.
Кеңесте сондай – ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, ерте жүктілік, тұрмыстық зорлық - зомбылық, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасылардың тізімін жасау және т.б. мәселелер қаралды.
Е. Завьялова