07.09.2022
2022 жылғы 06 қыркүйекте ZOOM платформасы арқылы Атбасар ауданының педагог – психологтарымен Қазақстан Республикасының Білім Министрлігі бекіткен білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларымен таныстыру бойынша кеңес өтті.
Осы Қағидаларда психологиялық қызметтің негіздері, мақсаттары мен міндеттері, психологиялық қызметтің құрамы, психологиялық –педагогикалық сүйемелдеу процесі, лауазымдық міндеттері, Қызмет тәртібі, психологиялық қызметтің қағидаттары, қызмет бағыттары, өтініштер (сұрау салулар) бойынша жұмыс тәртібі айқындалған.
Кеңесте сондай-ақ білім алушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасы қаралды, онда жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының себептері, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алудағы негізгі сәттер, психокорекциялық сабақтар тақырыптары, оқушылармен жұмыс істеудегі диагностикалық әдістемелер қаралды және талқыланды.
Педагог-психологтар жұмыста осы бағыттарды талқылап, қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Е. Завьялова