01.09.2022
2022 жылғы 01 қыркүйекте ZOOM режимінде білім беру бөлімінің әдіскерлері, аудандық әдістемелік бірлестіктердің басшылары үшін орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің бекітілген қағидалары мәселесі бойынша кеңес өтті.
Отырыс барысында психологиялық – педагогикалық қолдау процесі, психологиялық – педагогикалық қолдау қатысушыларының лауазымдық міндеттері, Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу тәртібі, психологиялық қызметтің жұмыс істеу принциптері түсіндірілді. Сондай-ақ, жаңа ережелерде психологиялық қызметтің 5 бағыты көрсетілген.
Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің білім алушылары арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша бағдарлама талқыланды.