«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Басшы кадрлар секциясы

31.08.2022

Атбасар ауданы мұғалімдерінің тамыз конференциясы аясында 2022 жылдың 26 тамызында №1 орта мектепте басшы кадрлар секциясы өтті.

Білім басқармасының басшысы Наймушина Н.Г. қатысушыларды секцияның жұмыс жоспарымен, Сепе орта мектебінде (Сапаров Жандос Сұлтанбаевич), Радионовка негізгі мектебінде (Нижник Светлана Николаевна) м.а. директорлармет және 25 тамыздан бастап ротациядан откен директорлары мен балабақша меңгерушілерді ауыстыру туралы таныстырды.

Дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысы диалог алаңы түрінде өтті. Секция модераторы білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г. болды.

Секция жұмысына ОАП бастығы полиция майоры Құрманғожин Р.Б., жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Бейсембаев А.Қ. қатысты.

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушыларды тасымалдау, автобустардың жағдайы, жол белгілерін орнату, жарықтандыру мәселелері талқыланды.

Ерте жүктіліктің, құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушыларді оқудан бос уақытында жұмысқа орналастыру мәселелері қарастырылған.

Мектеп директорлар мен бала-бақша менгерушілер өз тәжірибелерімен бөлісті: Бекмағанбетова Ш.Е. №5 орта мектеп директоры мектептегі әскери-патриоттық қызмет бағыты бойынша; Кизкенова Г.А. №3 орта мектеп директоры – экологиялық ағарту; Павлюк О.И. Новосельская орта мектебінің директоры мектеп мұражайының жұмысы бойынша; Скороход Н.И. Тельман мектебінің директоры мектептегі спортты дамыту бойынша; Уткербаева А.М. Жастар орталығының директоры пікірсайыс қозғалысы бойынша; Қасенова З.Е. №2 орта мектеп директоры мектептің өзін-өзі басқару жөніндегі туралы; Сәдуақасова Т.И. Шуйская орта мектебінің директоры мектепте «Оқу мектебі-оқыған ұлт» жобасын жүзеге асыру туралы; Лубенченко Л.И. Полтава орта мектебінің директоры отбасы мен мектеп ынтымақтастығы арасындағы өзара әрекеттестіктің тиімді тетіктерінің бірі ретінде клубтық іс-шаралар бойынша; Жұрумбаева А.Ж. Бастау а. №1 орта мектебінің директоры Жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша; Ашкенова А.К. №4 орта мектеп директоры мектептегі инклюзивті білім беру ресурстық кабинетінің қызметі туралы; Қасымова Г.А. №5 балабақша меңгерушісі көркемсурет студиясының жұмысы туралы; Толғанбаева Ж.Е., №4 бөбекжайдың меңгерушісі STEAM ортасына ену туралы.

Просмотров: 208


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст