Таңертеңнен бастап алаңда мерекелік әуен естіледі. Ата-аналар мен балалар мектеп жәрмеңкесіне асығады!
29 тамызда Атбасар қаласының орталық алаңында Атбасар ауданы әкімдігі, білім және кәсіпкерлік бөлімдері мектеп тауарларының жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – балаларды мектепке дайындауда халыққа көмек көрсету және қолдау көрсету.
Жәрмеңке «Мектепке жол» жалпыұлттық қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылды.
Мектепке қажетті құрал-жабдықтардың барлығын: қаламсап, дәптер мен түрлі-түсті бояулардан бастап рюкзактар мен кеңсе тауарларына дейін жергілікті кәсіпкерлер нарық бағасынан төмен бағамен ұсынды.
«Кітап әлемі» АЖ Мукомела Юлия Михайловнаға; АЖ "Аканова А.Т." Ақанова Ақлима Төлеутайқызына; IP "Vervain G.A." Вервен Галина Александровнаға ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз.