Текст
2022 жылғы 22 тамызда Атбасар ауданының білім беру мекемелерінің білім бөлімінің әдіскері және педагог – психологтары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқушыларда суицидтік көріністер мәселелері жөніндегі кеңесіне қатысты.
Кеңес барысында спикерлер қатысушыларды суицидтік көріністермен, суицидтік тәуекел дәрежелерімен, психоәлеуметтік қолдаумен, көмек көрсету түрлерімен және т.б. таныстырды.
Спикерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстар берді.