Текст
2022 жылғы 18 тамызда «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі»» мемлекеттік мекемесінің басшысы мұғалімдер және ата-аналар қауымдастығымен брифинг өткізді. Наталья Георгиевна жаңа 2022-2023 оқу жылына дайындық бойынша ауданның білім беру мекемелерінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу барысы туралы, жалпыға міндетті оқу қорынан аз қамтылған отбасыларды қолдау және меценаттар есебінен хабардар етті. Сондай-ақ, кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.