2022 жылғы 16 тамызда Көкшетау қаласында «білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысын әдістемелік сүйемелдеу және үйлестіру» тақырыбында педагог – психологтардың облыстық секциясы өтті.
Секцияның жұмысына облыстың мектепке дейінгі мекемелерінің педагог – психологтары, әлеуметтік педагогтары, психологтары қатысты.
Секция барысында психологиялық – педагогикалық зертхананың жоспарын іске асыру, педагог – психологтардың тиімді түзету – дамыту жұмысының құралдары, педагог - психологтардың тиімді өзін – өзі реттеу практикасы, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету, педагог – психологтардың қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Секция қорытындысы бойынша пікір алмасылып, қорытындылар шығарылып, ұсыныстар әзірленді.