Текст
16 тамыз күні Көкшетау қаласында "Зерек" балабақшасы базасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтарының "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа моделін іске асыру: мазмұнды сапалы жаңарту" тақырыбында облыстық панельдік секциясы өтті. Семинар барысында мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту перспективалары айтылды. Педагогтар сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды. Перспективалық жоспарлар мен циклограммаларды құру бойынша ұсыныстар берілді . Семинар жұмысы нәтижелі және танымды өтті. Облыстық семинарға білім беру бөлімінің әдіскері И.Семенча және №5 бөбекжайдың мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі О. Кеслер қатысты.