2022 жылдың 2 тамызында Атбасар аудандық білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г. аудандағы мектеп директорының м.а. БКК бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Отырыста келесі мәселелер қаралды: бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдаудың аяқталғаны туралы, 10-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау туралы (Исабекова А.А.); «Мектепке жол» акциясы бойынша (Исасеитова А.Т.); тәрбиешілерді ревакцинациялау туралы, шілде айында ҰСТ тапсыру қорытындысы туралы, қала мектептеріне мұғалімдерді қабылдаудың конкурстық рәсімдерін өткізу туралы (Абитаева А.З.); оқулықтармен қамтамасыз ету және тарату, коворкинг орталықтарын құру және «Оқу мектебі» жобасының жұмысы туралы (Шаймерденова М.А.); бітірушілерді жұмысқа орналастыру туралы, ауданның білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстарының аяқталуы туралы, 8 тамыздан бастап оқушылардің титулдық тізімін тапсыру және бос орындар мәліметтерді ұсыну кестесі туралы (Наймушина Н.Г.). Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.