2022 жылдың 21 маусымында Атбасар қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебінде «Бақытты бала-бақытты отбасы-бақытты Қазақстан» атты облыстық ата-аналар форумы өтті. Форумға Ақмола облысы білім басқармасының бас маманы Марина Борисовна Ли, Отбасылық Тәрбие Институтының бас директоры Софья Львовна Евдокимова, отбасылық психология және педагогика саласындағы консультант және сарапшы; Любовь Николаевна Набитовская – отбасылық тәрбие институтының директоры, психолог, ҚР МКҚО және АҚДМ отбасылық және жастар саясаты жөніндегі сарапшысы; Евдокимов Владимир Николаевич - Отбасылық тәрбие институтының дәріскері; Ерлан Жақымұлы Закирьянов - Ақмола облысы әкелер одағының төрағасы, отбасылық қарым-қатынас клубтарының басшылары, Ақмола облысы мектептері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары. Форум барысында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, төрт диалогтық алаң жұмысы жүргізілді.