10.06.2022
10 маусымда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын орындау шеңберінде, сондай-ақ оқушылардың дене және психикалық денсаулығына әсер ететін өмір салты факторлары бойынша зерттеу жүргізу және оқушылар арасында профилактикалық ортаны қалыптастыру бойынша басым шараларды енгізу бойынша іс-шараларды іске асыру мақсатында «Атбасар қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі» КММ-ң 5,7,9 сынып оқушылары арасында «Мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқы, денсаулығы мен әл-ауқаты»атты әлеуметтік сауалнама жүргізді.
Бұл зерттеудің мақсаты: 11,13,15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы, мінез-құлқы, денсаулығы, әлеуметтік жағдайлары туралы мәліметтерді алу және олардың әл-ауқаты, денсаулығы, ата-аналармен, мұғалімдермен, достарымен және сыныптастарымен қарым-қатынасы, отбасылық әл-ауқат, іс-шаралар мен әдеттер туралы жеке, субъективті идеялар негізінде жетілдіру.
Әлеуметтік сауалнаманы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығының интервьюері Ш.С.Абдрахманова жүргізді.
Абдрахманова Г.Т., бас маман