08.06.2022
2022 жылдың 8 маусымында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ақниет» жеке қайырымдылық қоры тарапынан Атбасар ауданының 44 оқушысына мектеп сөмкесі мен кеңсе тауарлары «Жақсылық жолы» бағдарламасы бойынша табыс етілді.
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ақниет» қайырымдылық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Бисембаева Бағила Мүбаракқызы мен атқарушы директор Шаяхметова Баян Мұсахметқызына алғысын білдіреді.
Біз ынтымақтастыққа қуаныштымыз!