27.05.2022
27 мамырда оқушылардың білімін бағалаудың ең ауқымды шарасы – 9,11 сынып түлектерінің қорытынды Мемлекеттік аттестаттауы басталды.
Бүгінде Атбасар ауданының мектептерінде 11-сынып түлектеріне алгебра және талдаудың бастамасы бойынша жазбаша емтихан тапсырылуда.
244 түлектің 221-і емтихан тапсырады.
23 түлек денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестациядан босатылды. Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатына 16, жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа 13 түлек үміткер.
Түлектерге білімдерін растап, мемлекеттік емтихандарды тапсыруда сәттілік тілейміз!