Текст
26 мамырда Атбасар қаласы, облыстық мәдениет үйінің залында 14-ші облыстық оқу озаттарының слеті өтті.
Атбасар ауданындағы білім беру мектептерінің 1308 үздік оқушылары қатысты.
Үздік оқушы кез келген оқу орнының мақтанышы, ол жоғары білім сапасының дәлелі және жас ұрпақтың жауапкершілігінің, еңбекқорлығының, алғырлығының жарқын үлгісі.
Сондықтан мұндай іс-шараларды өткізудегі мақсат –оқушылар арасында үздік оқудың болашақ кәсіби мансабы мен өмірдегі табыстары үшін жоғары маңыздылығын кеңінен насихаттау.
Салтанатты шараға педагогикалық еңбек ардагерлері, білім беру ісінің үздігі, Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қ.О.Қуатбеков, ата-аналар қауымдастығының өкілдері шақырылды.