27.05.2022
Балабақшадағы бітіру кеші ерекше есте қалатын,қызық-думанға толы ең керемет мереке болып табылады. Бұл— қоштасу мен мұңаю, шығарып салу мен балабақша қабырғасынан түлеп ұшу қуанышы және де бүлдіршіндердің естерінде мәңгілікке сақталатын игі тілектер мен жылы лебіздерге толы сәт.
Бүгін "Еркежан" балабақшасы "Арай" және "Қарлығаш" мектепалдындағы топтарында әр балаға жұлдызша жарқырау, өз білімі мен білігін көрсетіп, шығармашылық әлеуетін ашу мүмкіндігін берген сән-салтанаты жарасқан айрықша мерекелік шара өткізілді.Балалар мерекелік атмосфераға қуана бойлап, педагогтар өздерінің шығармашылық шеберліктерін, шабыттары мен ұйымдастырушылық қабілеттерін танытты. Бұның бәрі мерекелік шараға белсене қатысқан ата-аналарды да бей-жай қалдырмады, олар да ән шырқап, ойындарға белсенді қатысып, өздерінің есейіп қалған мектепке дейінгі жастағы балаларына жан -жақты қолдауларын көрсетті.