16.05.2022
2022 жылдың 13 мамырында Көкшетауда "Bolashaq saraiy" базасында "Білім беру жүйесіндегі цифрландырудың жаңа трендтері" атты аймақтық семинар-кеңес өтті. Семинарға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мониторинг үйлестірушілері мен электрондық оқыту әдіскерлері, өңірлік ведомстволық бағынысты ұйымдар директорларының орынбасарлары қатысты.
Кездесу барысында келесі мәселелер қаралды:
1. Ақмола облысының білім беру жүйесін цифрландыру. Қадыров Б.А., АББЖТО директоры
2. Ақмола облысының білім беру мекемелерінде ҰБДҚ сапалы толтыру және білім беру мекемелерінде робототехниканы дамыту. Р.С. Кульниязов, АББЖТО директорының орынбасары
3. "Күнделік" баж-дағы жұмыс, бірінші жартыжылдықтағы жұмысты қорытындылау. Білім беру процесінде білім беру платформаларын пайдалану. Сейпиева С. М., мектеп бөлімінің меңгерушісі
4. Білім беру ұйымдарының сайттарын жүргізу. Казбекова С. А., әдіскер