«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

География пәні мұғалімдерінің I облыстық форумы

16.05.2022
13 мамыр күні Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясы базасында география мұғалімдеріне қолдау көрсетуге, білім сапасын арттыруға, географиялық білім беруді дамытудың келешегіне бағытталған «Географиялық білім берудегі  озық ой және заманауи көзқарастар» атты география пәні мұғалімдерінің I облыстық форумы өтті.
Облыстық форумға Ломакина С.С. / №3 ЖББМ/, Асқар Ерлан / №7 ЖББМ/, Даржанова А.О. /Тимашевка с. ЖББМ/, Харахыз Б. /Бастау с. №2 ЖББМ/, Қалмағамбетов М.С. /Мариновка а. №1 ЖББМ / қатысты. Форум жұмысы 4 секциялық отырыс бойынша өтті: «Мектептегі географиялық білім берудің мазмұны», «Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау», «Мектептегі географиялық білімнің практикалық компоненті», «Педагогтың кәсіби шебері - сапалы білім беру негізі», онда географиялық білім мазмұнын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау, өлкетанудың маңызды құрамдас бөлігі, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру сұрақтары қарастырылды.
Сонымен қатар, география сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жұмыс тәжірибесі, заманауи білім беру технологияларын қолдану, мектептегі географиялық білім берудің практикалық құрамдас бөлігі мәселелері ұсынылды. Секция жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.
Пленарлық бөлімде география  ғылымдарының кандидаты, педагог-зерттеуші, Атбасар қ. №3 ЖББМ география пәнінің мұғалімі Ломакина Светлана Сергеевна сөз сөйледі, ол өз сөзінде мектептегі білім беруде географиялық мәдениетті қалыптастырудың мәселелері мен тәсілдерін қозғады.
 
Абдрахманова Г.Т., бас маман
Просмотров: 435


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст