2022 жылғы 13 мамырда Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Н.Г.Наймушина, Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ө. Қуатбековтың қатысуымен ауданның білім беру мекемелерінің басшыларымен БКБ өткізілді, онда: республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу туралы / Едрисова Р.Б./, 16 мамыр -4 шілде аралығында ҰБТ өткізу туралы, емтихандардан босату / Исасеитова А.Т./, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалар игілігі үшін» акциясын өткізу жоспарымен танысу /Нұрмағамбетова К.К./, 1 сыныпқа қабылдау бойынша /Семенча И.В./, Нұр-Сұлтан қ. көлік және коммуникация жоғары колледжінің кәсіби бағдар беру жұмысы /Беріков Б./, сондай-ақ демалыс кестесін тапсыру, аумақты абаттандыру, жұмысқа қабылдау, ақшалай қаражат жинауға тыйым салу, оқушылардың қауіпсіздігі бойынша сынып сағаттарын өткізу туралы мәселелері қаралды.