12.05.2022
2022 жылдың 11 мамырында Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде НЗМ ПБМ АҚ филиалының директоры, жалпы білім беру ұйымдарының басшыларына арналған бағдарламалар бойынша сертификатталған тренер Төлеген Кәкімұлы Нөгербаевтың Атбасар ауданының мектеп директорларымен, балабақшалары мен қосымша білім беру ұйымдарының меңгерушілерімен кездесуі өтті.
Ол кездесуге қатысушыларды Көкшетау қаласының Педагогикалық шеберлік орталығымен ынтымақтастық перспективаларымен, мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмыстарының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында оқытудың форматы, әдістемелік көмек алу түрлері туралы, Зияткерлік мектептердің тәжірибесін көшіру жұмыстары туралы түсіндірме берді, жаңа курстардың ерекшеліктері мен құрылымына тоқталды.
Кездесу барысында Төлеген Кәкімұлы мектеп, балабақша, қосымша білім беруді дамытудың жоспары қалай жасалатынын түсіндіріп, директорлардың курстар мен жұмысты жоспарлау туралы сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында әрбір қатысушы Педагогикалық шеберлік орталығының оқу үдерістерін ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік құралдарын сатып алу мүмкіндігіне ие болды.