06.05.2022
2022 жылдың 6 мамырда №2 орта мектепте Атбасар ауданы мектептерінің бас мұғалімдері секциясының отырысы өтті.
Секциясының модераторы білім бөлімінің бас маманы Исасеитова А.Т.
Отырыста оқу жылының қорытындысы бойынша келесі мәселелер қаралды: Қорытынды аттестаттау, ҰБТ, Мектеп түлектерін кәсіптік бағдарлау және жұмысқа орналастыру, Жазғы мектеп, «Алтын белгі» аттестат берудің жаңа ережелері, мектепке дейінгі және бірінші сыныптарға қабылдау.
Секция жұмысы барысында оқу ісінің меңгерушісілерге әдістемелік қолдау көрсетілді, олар бірқатар жұмыс мәселелерін талқылай алды.