«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сыңғырла соңғы қоңырау!»

09.06.2019

25 мамыр күні сағат 10:00-де мектебіміздің спорт залында «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын болып өтті. Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі-Смагулова Бахыт Серікқызы мерекелік шараны салтанатты түрде ашты. Салтанатты жиынымыздың 1-бөлімінде АӘД пәні мұғалімі мектебіміздің басшысына баяндама жасап, мемлекеттік ту еңгізіліп гимн орындалды. 
«Сыңғырла соңғы қоңырау» атты жиынымыздың құрметті қонақтары: Атбасар ауданының әкімі Қалжанов Аманбек Әмірхамзаұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Идрисова Р.Б. қатысып, мектеп түлектерін құттықтады. Мектебіміздің басшысы-Қалиева Уасиля Займбекқызы да өз тарапынан сөз сөйлеп, оқушыларды құттықтады. Келесі сөз кезегі 2018-2019 оқу жылының аяқталуына байланысты бұйрықпен таныстыруға оқу ісінің меңгерушісі Алкенова Н.А. берілді. Мерекенің 2- ші бөлімінде аудан әкімі Қалжанов А.Ә. мектеп оқушыларымен түлектерді құттықтап, 4 –ші сынып үздік оқушыларын марапаттап, түлектерді құттықтады. Ал 4-ші сынып оқушылары «Ұстаз -Ана» атты әнді орыдап вальстерін биледі. 11 сыныптың алғашқы ұстазы Ауезханова Б.Ы. өз жылы лебізін білдіріп, түлектерге ақ жол тіледі. 11 сынып түлегі Бержан Мөлдір алғашқы устазына әнің арнады. Келесі құттықтау сөз мектеп бітірушілердің ата-аналары атынан ақ жаулықты әжелерге берілді. 2018-2019 оқу жылының соңғы қоңырауын барлық түлектер бірге соқты. 
Соңғы мектеп вальсі биленіп, соңында түлектер хормен «Қоңырау соғылмайды» әнін орындады. Мереке соңында мектеп қонақтары, сынып жетекшілері мектеп маңайына ағаш отырғызып, шарларын ұшырды.

Просмотров: 510


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст