15.04.2022
14 сәуір Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Мектеп жасындағы балалардың теңгерімді тамақтану мәдениетін қалыптастыру» атты халықаралық вебинар өткізді.
Халықаралық вебинардың мақсаты: тәжірибе алмасу, тұжырымдамалық ережелерді анықтау, мектеп жасындағы балалардың теңгерімді тамақтану мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдістерін анықтау.
Вебинарда келесі сұрақтар қарастырылды: «Жастардың салауатты өмір салты – салауатты тамақтанудың негізі» /Ғабдулина К.Г., әлеуметтану ғылымдарының докторы, Гумилев ат. ЕҰУ профессоры/, Тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар» /Сман А.С., заң ғылымдарының докторы, профессор Анкара, Түркия/, «Қазақ отбасында балалардың мәдени тамақтану дағдыларын қалыптастыру» /Баубекова З.Д., педагогика ғылымдарының докторы, Ы.Алтынсарин ат. ҰБА профессоры/, «Түркиядағы оқушылардың тамақтануының өзекті мәселелері туралы» /Ариф Б., Сакария университетінің оқытушысы/, «Орталық Азия елдерінде Наурыз мейрамын мерекелеудің тәрбиелік аспектілері» / Джураев Д.У., Ташкент қ. Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі/, «Қазақ халқының ұлттық тағамдарының ерекшеліктері, қазіргі қоғамдағы дәстүрлі атаулар мен олардың өзгеруі» /Резуанова г.К., филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Ы.Алтынсарин АТ. ҰБА-ның ҒТБ жетекші ғылыми қызметкері/, «Білім беру мекемелеріндегі балаларды ұтымды және теңгерімді тамақтандыру принциптері» /Тарджибаева С.К., медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, Ы.Алтынсарин ат. ҒТБ жетекші ғылыми қызметкері/, «BINOM мектептерінде тамақтандыруды ұйымдастыру ерекшеліктері» /Шайхиева С. Ж., BINOM мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары /, «Оқушылардың тамақтану мәдениетін қалыптастырудың өзекті мәселелері» /Абеуова К.А., Нұр-Сұлтан қ. №59 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары/. Халықаралық вебинар қорытындысы бойынша қарар қабылданды.
Абдрахманова Г.Т., бас маман