«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тірек мектепте (ресурстық орталығы) білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдар» облыстық вебинар

07.04.2022
7 сәуірде Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Тірек мектепте (ресурстық орталықта) білім мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдар» атты облыстық вебинар өткізді. Аталған семинарға білім бөлімінің бас маманы Г.Т.Абдрахманова, Атбасар қаласының №8 ЖББМ директоры Р.Н.Смағұлова қатысты.
Семинарды өткізу жоспарына сәйкес келесі сұрақтар тыңдалды: «Тірек мектепте (ресурстық орталықта) ұйымдастырылған сессия қорытындысы, білім сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді шешу жолдары» /Бекбай Кенжебай Айдосұлы, Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері/, «Шағын жинақты мектепте біріктірілген сыныптарда оқушылармен жеке, топтық жұмыс барысын ұйымдастырудың тиімді әдістемесі» /Төлеген Өмірбек Шаймұратұлы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау қаласы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің математиканы оқыту әдістемесі пәнінің педагог-шебер оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан педагогикалық  ғылымдары академиясының мүшесі/, «Ресурстық (тірек) орталық: мектепте оқу процесін ұйымдастырудың инновациялық бағыттары»  /Садыкова Әсел Жамбуловна Ақкөл қаласының №1 Ақкөл жалпы білім беретін мектебінің директоры/, «Замануи кәсіпқойдың әлеуметтік-психологиялық портреті, оқушыларға кәсіптік бағдар беруге бағытталған Тірек мектепте (ресурстық орталығы)  тәрбие жұмысының моделі» / Капур Айнагүл, Шортанды ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері/. Вебинар қорытындысы бойынша ұсыныстар беріліп, шешімдер қабылданды.
Просмотров: 497


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст