Текст
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2022 жылдың 6 сәуірінде Атбасар қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінде әдістемелік күн өткізілді. Тамақтандыруды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету, шағын орталық, кітапхана, инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинеті және мектептің психологиялық қызметінің жұмысы бойынша мониторинг жүргізілді. Әдіскерлер «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Математика», «Ағылшын тілі», «Өзін-өзі тану, «Адам. Қоғам. Құқық.» пәндер бойынша сабақтарға қатысты. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.