«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық білім бөлімі Кеңесінің отырысы

25.03.2022
2022 жылдың 25 наурызында Новосельская орта мектебінде Атбасар ауданының білім беру ұйымдарының басшылары, білім бөлімінің әдіскерлері және мамандарының қатысуымен аудандық білім бөлімінің кеңесінің отырысы өтті.
ББ Кеңесінің пленарлық бөлімі басталмас бұрын қатысушылар мектеп мұражайын аралап, мектепті аралап көрді.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: «Кәмелетке толмағандарға қатыгездік көрсетудің алдын алу туралы» (К.Нурмагамбетова), «Бастау А. №1 ЖББМ, Бастау А. №2 ЖББМ, Адыр ст. ЖББМ,№1 ЖББМ шағын орталықтарындағы тәрбие мен оқытудың жай – күйі туралы» (И.Семенча), «Мариновка а.№1 ЖББМ, Тимашевка а. ЖББМ "Өзін-өзі тану" пәнін оқыту жағдайы туралы» (Д.Терешкина), «№6 ЖББМ, Полтавка ЖББМ, Тельман а. ЖББМ "Химия", "Биология" пәндерін оқыту жағдайы туралы» (А.Исасеитова), «ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту жағдайы туралы» (З.Серкебаева).
Сұрақтар қаралды: мектепішілік бақылау бойынша; «Мың бала», «IQanat» олимпиадаларына, Республикалық олимпиадаға қатысу, МОДО өткізу туралы, үшінші оқу тоқсанын аяқтау туралы; наурыздағы ҰБТ барысы туралы, 2022 жылдың 1-тоқсанындағы бюджеттің атқарылуы туралы,   мұғалімдер мен тәрбиешілердің 3 жылды ескере отырып, дер кезінде курстардан өту қажеттілігі туралы, жазғы демалысты жоспарлау туралы, оқушылардың заң бұзғаны үшін ата-аналарды жауапкершілікке тарту туралы, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілеріне әдістемелік ұсыныстар туралы.
 ББ кеңесінің пленарлық бөлімінің соңында білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері мен білім бөлімінің мамандары Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Квест» ойынына қатысты.
 ББ кеңесін ұйымдастырып, өткізгені үшін «Новосельско» ЖШС директоры Шакола П.А., мектеп директоры Павлюк О.И.-ға және Новосельская орта мектебінің ұжымына алғысымызды білдіреміз.
Просмотров: 193


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст