Дене шынықтыру және спорт салауатты өмір салтын насихаттаудың ажырамас бөлігі болып табылады.
2019 жылдың 14-17 наурызы аралығында Атбасар ауданы, Атбасар қ. "Олимп" дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында "Жастар" облыстық спартакиадасы аясында 2002 жылы туылған және одан кіші қыздар арасында баскетболдан облыстық жарыстардың финалдық кезеңі өтті.
Жарыстың мақсаты: - дене шынықтыру мен спортты денсаулықты нығайтудың негізгі құралы ретінде насихаттау; - мықты командаларды анықтау.;
Жарысқа Атбасар ауданы, Есіл ауданы, Целиноград ауданы, Ақкөл ауданы, Көкшетау, Степногорск қалалары және Біржан Сал ауданының өкілдері қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша ақтық кезеңде орындар келесі түрде бөлінді::
қыздар
I орын – Көкшетау;
II орын-Біржан Сал ауданы
III орын-Ақкөл ауданы;
Біздің ауданның командасы ақтық сында тәжірибелі командаға жол беріп, жалпыкомандалық үшінші орынға ие болды.
"Атбасар ауданының білім бөлімі" ММ баскетбол бойынша облыстық жарыстардың финалдық кезеңін ұйымдастыру мен өткізуге жақсы дайындықтары үшін "Олимп" ДШҚ директорлары Абдрахманов Амангелді Мәжитұлы, №3 ОМ Кизкенова Ғазиза Ануарбекқызы, №8 ОМ Смагулова Рауза Назымбековна, №8 ОМ жанындағы интернат меңгерушісі Темірбекова Гүлсім Төлегенқызы, №3 ОМ асханасын жалға алушы Мусаева Садаф Асланқызы, сонымен қатар спорт ардагері Куатбеков Омырзак Базылович және құрама команданың жаттықтырушысы Малафаев Сергей Сергей Николаевичке.