2019 жылғы 14-15 наурызда Атбасар ауданында "Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу" бағдарламасы бойынша құрамында оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері И. И. Ермұханова, суицидтің алдыналу бағдарламасы бойынша облыстық үйлестірушілері Ж. Ж. Бекахметова, А. Б. Танина болған жұмыс тобы тексеру жүргізді. 2019 жылы 14 наурызда осы бағдарлама бойынша мектеп педагог – психологтарының құжаттары тексерілді. Сағат 16-00-де Атбасар қаласының №4 орта мектебінің базасында "Отбасылық тәрбиедегі әкенің рөлінарттыру" тақырыбында ата-аналар жұртшылығымен кездесу өтті. 2019 жылы 15 наурызда сағат 11-00-де "тәуекелтобы" балаларымен жұмыс істеу бойынша мектеп директорларына, әлеуметтік педагогтарға, мектептердің медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді.