18.03.2022
Наурыз мерекесі – әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді.
Бұл – қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады.
Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамы.
Наурыз мерекесі қарсаңында білім бөлімі мен кәсіподақ филиалының бастамасымен "Родничок" бөбекжай базасында білім беру бөлімінің педагогикалық еңбек ардагерлерімен дәстүрлі кездесу өтті. Педагогикалық ұжым мен балабақша тәрбиеленушілері тамаша концерттік бағдарлама дайындап, өлеңдер, әндер, билер орындады. Ардагерлермен дәстүрлі кездесулер арқылы аға және жас буын арасында тұрақты байланыс бар. Білім бөлімінің басшысы Н.Г.Наймушина ардагерлерді көктемгі мерекемен құттықтады.
Осы іс – шаралардың мақсаты-үлкендерге құрмет көрсету, олардың еңбегі үшін ризашылық пен ізгі тілек білдіру. Кәсіподақ ұйымдары мереке күндері ардагерлерді құттықтаумен ғана шектелмейді, өздерінің тәлімгерлерімен үнемі байланыста болады, оларға барлық жағынан көмек пен көңіл бөледі. Құрметті ардагерлер көптеген аудандық іс-шаралардың қонағы болып табылады, осындай кездесулерге ықыласпен келеді.
Білім бөлімі және кәсіподақ филиалы "Родничок" бөбекжайының педагогикалық ұжымына жылы лебіздері үшін алғыс білдіреді және барлық педагог қызметкерлерді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтайды!