«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№8 орта мектепте "Салт-дәстүр мен тәрбие" тақырыбында 6-сыныптар арасында ашық сабақ өтті

05.03.2019

«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет». Н.Ә.Назарбаев Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру. Қазақ тілін оқыту – қиын да қызықты жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, көру қабілеттерін жетілдіру, уақытты дұрыс пайдалану, әртүрлі әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды да қызықты өткізу, мұғалімнің жеке басының интелектісін дамыту, оқу іс-әрекетін, өтілетін тақырып мазмұнын аша білу. Сонымен жеке тұлғаны дарынды, білімді де білікті етіп шығару мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. Осы критерияларға сай келетін біздің ауданымыздың шебер мұғалімдердің бірі – Токтыбаева Гулим Рымхановна.     Токтыбаева Гулим Рымхановна  «Атбасар ауданының білім бөлімінің Атбасар қ.мектеп жанындағы интернатымен №8 қазақ  орта мектебі»  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 5 наурыз күні 6 сыныбында «Салт –дәстур мен тәрбие» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар белсенді жұмыс жасады. Гулим Рымхановна   сабақта түрлі әдіс – тәсілдерді қолданды.

Просмотров: 412


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст