«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үш тілділікті енгізу

01.03.2019

Атбасар ауданының білім мекемелерінде ағылшын тілінде сапалы оқытуға көшуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Осыған байланысты, білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 28 ақпаны күні «Атбасар ауданының білім бөлімінің Бастау ауылы №1орта мектебі» КММде жаратылыстану – математикалық циклды ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдердің аудандық семинары өтті. Иформатика мұғалімі, жас маман Асылбек Мерген 8 сыныпта «Logical operators» тақырыбына сабақ берді. Сабақ жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде болды. Оқушылар әр топтың өз көшбасшысы бар топтарға бөлінді. Сабақтың тақырыбына сәйкесетін дайын ақпараттық бейнематериалдар демонстрацияланды, үйренген материал аясындағы тәжірибелік жұмыс кезінде интерактивтік тақтамен жұмыс жасалды. Өткен материалдарды қайталау кезіндегі балалар қызметінің белсенділігі, алуан түрлілігі аталып өтілді, рефлексия болды. Оқушылар оқып жатқан материалдар бойынша терминологияны ағылшын тілінде білетіндіктерін көрсетті. 
Өткізілетін семинарлардың маңыздылығы ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерге мейлінше тәжірибелі ұстаздардың тәжірибесін үйренуге, пікір және тәжірибе алмасуға ықпалы тиетіндігінде және ол тәжірибесімен өз мектептерідегі мұғалімдер алдында бөлісу мүмкіндігінде. Ең бастысы -Атбасар ауданы мектептерінде қызмет жасап жатқан, сонымен бірге, осы бағытта өз еңбек жолын жаңа бастап жатқан педагогтары алдында өзіндік жетістік үлгісін көрсетуде. 
З. Серкебаева, «Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ әдіскер-менторы

Просмотров: 389


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст