«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін қорғау

07.02.2019

Балалар – біздің қоғамымыздың әлсіз және
қорғалмаған бөлігі және олар құқықсыз болмауы керек.
Ұлт Көшбасшысы ретінде, 
әрбір баланың құқығының қорғалғанын талап етемін. 
Біздің елімізде туылған, әрбір бала, - қазақстандық.
Мемлекет оны қамқорлығына алуы қажет.

Н.А. Назарбаев

Мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі жетім балалар, ата-аналар қамқорынсыз қалған балалардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау. Құқықтық қорғау баланың тіршілік әрекетінің барлық салаларын: тәрбие, білім, медициналық қызмет көрсетуі, еңбектік жұмыс қамтуы, әлеуметтік қамтамасыз етуі және т.б. қамтиды.
Жетім балалар, ата-аналар қамқорынсыз қалған балалардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау 0-23 жас аралығында іске асырылады. 
«Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ қамқоршылық және қорғаншылық органы анықтайды, есеп жүргізеді, құқықтарын, заңды мүдделерін қорғайды және жетім балалар, ата-аналар қамқорынсыз қалған балалардың орналастыру бойынша шаралар қабылдайды, Қазақстан Республикасының қазіргі Заңнамасына сәйкес қамқоршы, қорғаншы қызметін қадағалайды. 
Республикандық базасына сәйкес жетім балалардың, ата-аналар қамқорынсыз қалған балалар саны-94 бала. 
Атбасар ауданында есеп кезеңі үшін кәмелетке толмаған 18 балаларға қамқоршы және қорғаншы бекітілген, оның ішінде – 4 жетім бала. 
Осы көрсеткіш кәмелетке толмаған балалардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғауына бағытталған уақытылы шараларын қабылдау туралы дәлелдейді. 
Отбасы жұмысына жауап беретін қамқоршылық және қорғаншылық органның, сонымен қатар басқа да объектілердің міндеттерінің бірі, өз балаларының тәрбиесі және білімі үшін жауапкершілікті ата-аналар жағынан болдырмау күшінде әлеуметтік жетімдер санын қысқарту. Өз отбасында өмір сүру және тәрбиелеу мүмкіндігін сақтау мақсатында- қамқоршылық және қорғаншылық органның шешімі келесі де жылдарға қойылатын басты міндет. Ақмола облысының балалар үйіне 3 бала жіберілді. Көкшетау қ. кәмелетке толмаған балалардың бейімделу орталығында 0 бала. 
Қиын өмірлік жағдайда болған отбасылармен жұмысын анықтау және өткізу нәтижесінде аналар келісімі бойынша 6 бала Щучинск қ. қиын өмірлік жағдайда болған балаларды қолдау үшін облыс орталығының бөбек үйі «Надежда» тобына орналасты. 
Ақмола облысы ББ Щучинск қ. қиын өмірлік жағдайда болған балаларды қолдау үшін облыс орталығында-7 бала. 
ҚР азаматтармен-1 бала асырап алынды. 
Әрекетке шектеулі жоқ. 
Соңғы жылдары жетім балалар, ата-аналар қамқорынсыз қалған балалардың азамат отбасына орналасқаны жоғары көрсеткішке жеткенін көрсетеді. Жетім балаларға туыстыққа жатпайтын азамат отбасыларына балаларды тапсыру үрдісі сақталады. Ата-аналар қамқорынсыз қалған балалар бөтен азаматтардың орнын басатын отбасыларына берілген (2017 – 14). Осы отбасы формаларын насихаттау бойынша қамқоршылық және қорғаншылық басқарудың сапалы ұйымдастырылған жұмыс, алмастыратын ата-аналармен жұмысын кәсіби тәсіл туралы мәлімдейді. 
Нашар ерте кезеңінде отбасы туралы ақпаратты мәселелерді шешуде отбасыларына комплексті көмек көрсету мүмкіндік береді және баланың өз отбасында өмір сүру және тәрбиелеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 
2018 жылы Заңды тұлғалармен және кәмелетке толмағандармен алдын ала жұмысын ұйымдастыру пайдалылығы туралы 40 ұсынымдар дайындалып жіберілді, бала және оның отбасына қатысты жеке алдын алу жұмысын ұйымдастыру үшін кәмелетке толмағандардың істері бойынша және олардың құқықтарын қорғау комиссияға жіберілді. 
2018 жылы ата-аналар құқығынан айрылған ата-аналар саны азайды: 10 балаға қатысты 3 адам (2018ж.), 11 балаға қатысты 7 адам (2017ж.).
-ата-аналар құқығынан шектеулі-2018ж.-0, 2017ж.-0,2016ж.-8 балаға қатысты 3 адам. 
-ата-аналар құқығынан шектеуін алу: 2018ж.-0,2017ж.-3 балаға қатысты 2 адам, 2016г.-0.
- ата-ана құқығын қайтарды: 2018ж.-3 балаға қатысты 2 адам,2017ж.-1балаға қатысты 1 ата-ана. 2016 ж.-0.
2019ж. 01.01. 95 баланың асырауына 79 қамқоршы жетім балалардың, ата-аналар қамқорынсыз қалған балалардың асырауына жәрдемақы тағайындалады және жәрдемақыны алады. 
Жетім балалардың, ата-аналар қамқорынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Жетім балалардың, ата-аналар қамқорынсыз қалған балалардың құқықтарын сақтау- маңызды сұрақтарының бірі-оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету. 
Есеп кезеңіне мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етілетін жетім балалар, ата-аналар қамқорынсыз қалған балалар тізімінде-350 адам. 
Қамқоршылық және қорғаншылықтағы, патронаттық тәрбиесіндегі, 18 жасқа дейінгі асыранды отбасындағы 94 балалардың арасында -12 бала тұрғын алаңына бе кітілген. 
2018 жылдың қорытындысы бойынша Атбасар ауданының акимат қаулысына сәйкес 2018ж. 24.12. №а-12/499 тұрғын үйлермен 9 бала қамтамасыз етілді. 
2018 жыл үшін Атбасар ауданының білім бөлімінің қамқоршы және қорғаншы орган қызметінің өткізілген талдау жоспарына сәйкес жүргізілді. Қамқоршы және қорғаншы органның алдында қойылған міндеттері толық мөлшерде орындалды және есеп кезеңі үшін келесі бағыттағы қызметінің жағымды әлеуметтік-экономикалық нәтижесіне жетті:
Қиын өмірлік жағдайда болған балалар және отбасылармен жұмыс бойынша: 
-ата-аналар құқығынан айрылғандар ата-аналардың (ата-аналар құқықтарында шектеулі) саны төмендетілді, балалар үшін өз отбасыларында өмір сүру мүмкіндіктерін сақтап, балалар құқықтарын бұзу туралы қамқоршылық және қорғаншылық органның шұғыл ақпараттандыру бөлімінде кәмелетке толмағандардың қараусыз және құқықбұзушылықты алдын алу жүйелерін мекеме және органдармен қарым-қатынас жүйесін орнатты;
жетім балалар және ата-аналар қамқорынсыз қалған балаларды орналастыру бойынша:
- алмастыру отбасында көрсетілген санаттағы балалардың орналастыру көрсеткіші сақталды ( әжелер, ағалар, тәтелер және т.б.); 
- алмастыру отбасында ата-аналар қамқорынсыз қалған балалардың өмір сүру тұрақты жайлылығы сақталды; 
Кәмелетке толмаған азаматтардың жеке және мүліктік құқықтарын қорғау бойынша: 
-кәмелетке толмағандарға тиесілі мүлік келісіміне рұқсат беруіне орындау үшін бақылау бойынша жұмысы реттелді. 
Қазақстанда балалар үйлері болмауы тиіс деп, есептеймін. Балаларды тәрбиелеуге мүмкіндіктері бар адамдар, балалар үйлерінен балаларды алулары тиіс»- деп,Мемлекет басшысы Н.Назарбаев VIII Азаматтық форумда атап өткендей.
Бүгінгі таңда Ақмола облысында үкіметтік емес ұйымдар «Жанұя» және «Ана үйі», интернаттық «Балажан» мекемесінде трансформациялау (өзгерту) Бағдарламасы жүзеге асырылып, жұмысын бастап та кетті.Балалар үйлеріндегі балалардың санын азайту мақсатында Атбасар ауданында «Патронаттық тәрбие», «Асырап алу», «Қамқорлық пен қорғаншылық құрылымы», «Асырап алған отбасы» сияқты құрылым түрлері белсенді енгізілген. Бүгінгі таңдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік маңызды міндеттермен қатар балалардың отбасында тәрбиеленуіне мүмкіндік беру керек. Бұл сіз бен біздің қолымыздан келетін іс.

Мурзахметова Л.К.– «Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ қамқорлық пен қорғаншылық органының бас маманы

Просмотров: 574


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст