02.03.2022
Әрбір адам балалық шақтан шыққан. Яғни- балабақшадан.
Балабақша – бүлдіршіндердің физикалық және эмоционалдық дамуының екінші үйі. Олар құрбыларымен және ересектермен қарым-қатынас жасауды, топта жұмыс істеуді және демалуды үйренеді, өз бойында жаңа таланттарды ашады.
2022 жыл 28 ақпанда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.
Онкүндіктің мақсаты: тәжірибе алмасу және жұмыстың жаңа түрлерін іздестіру, мұғалімдердің білім деңгейін көтеру.
Міндеттері:
1. Балалардың танымдық белсенділігін, дүниетанымын қалыптастыру.
2. Әрбір баланың сапалы білім алуына барынша қолайлы жағдай жасау.
3. Балалардың оқу-тәрбие іс-әрекетіне қызығушылығын арттыру.
4. Әр баланың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.