02.03.2022
Кеңесте Ақмола облысының білім басқармасы мен білім қызметкерлерінің кәсіподағы арасындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі келісімнің орындалуы, педагог қызметкерлерді жеңілдіктермен және кепілдіктермен қамтамасыз ету бөлігінде "педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңының ережелерін іске асыру, 2021 жылғы білім беру ұйымдарының қызметкерлерін сауықтыру бөлігінде мүшелік ұйымдардың жұмыс қорытындылары туралы мәселелер тыңдалды. Барлық сұрақтар бойынша облыстық кәсіподақ төрағасы Б. Абдрахманов сөз сөйледі.
Өткізілген жұмыс қорытындысы бойынша кәсіподақ филиалдарының төрағалары 2021 жылы рейтинг жасап, кәсіби қызметте қол жеткізген нәтижелері үшін мынадай дипломдармен марапатталды: 1 орын алғаны үшін кәсіподақтың Бурабай филиалы, төрағасы А. Т. Әбдірахманов; 2 орын алғаны үшін кәсіподақтың Атбасар филиалы, төрағасы Р. Б. Едрисова; 3 орын алғаны үшін кәсіподақтың Целиноград филиалы, төрағасы К. С. Сатбалдин.