28.02.2022
21-25.01.2022 жылы аралығында мектепте химия, биология пәнінен онкүндік өтті.
Химия және биология онкүндігі – бұл таңғажайып, қызықты оқиғаларды күту, ашқан жаңалығыңды басқалармен бөлісу, ерекше құлшыныс. Апталықтың мақсаты: оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамытуда танымдық белсенділігін арттыру.
Әдістемелік бірлестік мұғалімдері оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында біршама іс-шаралар өткізді.
Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Олимпиада, сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды.
Бұл пән бойынша оқушылар өздерінің қиялдарын, өнерлерін, шығармашылық қабілеттерін, білімдерін көрсете білсе, ойын арқылы балалардың пәнге, туған жерге, экологиялық мәдениетке деген қызығушылығын арттырды.