Текст
2022 жылдың 24 қаңтарында шағын жинақты мектеп директорлары, директорлардың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары «Ауыл мектептеріндегі білім сапасы: жағдайы, проблемалары, шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция 6 бағыт бойынша өткізілді: «Пленарлық бөлім», «Білім сапасы: табысты менеджмент құралдары», «Ауыл мектептері қызметіндегі тиімді тәсілдер мен инновациялық технологиялар», «Қамқор мектеп: балалардың әл – ауқат индексі», «Жас мұғалім-жаңа ұрпақ», «Болашақ мұғалімі: цифрлық сауаттылық және soft skills».