21.01.2022
Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың күшіне енуіне байланысты 2022 жылдың 21 қаңтарында Атбасар ауданының білім бөлімінің базасында онлайн форматта ZOOM платформасын қолдана отырып, дене шынықтыру мұғалімдері мен АӘТД оқытушы – ұйымдастырушыларының аудандық кеңесі өтті. Кеңес тақырыбы: педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар.
Мақсатты топ дене шынықтыру пәнінің 50 мұғалімін және алғашқы әскеери технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларын құрады.
Кеңес бағдарламасы аясында аттестаттау ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар талқыланып, бейне сабақтарға қойылатын талаптар қаралды.
Осы мәселелер бойынша білім бөлімінің әдіскері Чарушин Дмитрий Юрьевич сөз сөйледі.