12.01.2022
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Ақмола облысының облыстық білім және ғылым кәсіподағымен бірлесіп ZOOM платформасында он-лайн режимінде келісім комиссиясының мүшелері үшін семинар-кеңес өткізіді. Семинар жұмысына Атбасар ауданының білім беру ұйымдарының келісім комиссиясының мүшелері қатысты.
Қазақстандық салалық білім және ғылым кәсіподағы төрағасының орынбасары В.Ф. Беженаров семинарға қатысушылардың алдында құттықтау сөз сөйледі. Виктор Федорович жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы жеке еңбек дауларын шешу мақсаты болып табылатын тұрақты жұмыс істейтін органның, келісім комиссиясының негізгі қағидаттарын түсіндірді. Келісу комиссиясы ұйымда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде тепе-тең негізде жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан құрылады.
Келісім комиссиясында жалпы ереже бойынша барлық жеке еңбек даулары, яғни нақты қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы даулар қаралады.
Қазақстандық салалық білім және ғылым кәсіподағының бас маманы Райхан Мамашиевна Кидирбаева келісім комиссиясының жұмыс тәртібін, өкілеттілік мерзімін, келісім комиссиясының шешім қабылдау тәртібін жан-жақты ашты.
Жұмыскердің келісу комиссиясына жүгінуі олардың арасында туындаған жеке еңбек дауын реттеудің сотқа дейінгі тәртібінің міндетті сатысы болып табылады. Слайдтық презентацияда және диалог алаңында дәріскер мен семинарға қатысушылар келісім комиссиясы қызметінің барлық аспектілері талқылады.
Р.Едрисова