Бүгін, қаңтардың 11 күні қазақ тілінде оқытатын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қауымдастығының отырысы өтті. Кездесу барысында әріптестер өз тәжірибелерімен бөлісті: Мариновка қазақ мектебінің мұғалімі Амренова Айгуль Кажибаевна "әр түрлі оқуда мәтінмен жұмыс жасаудың әдістері мен тәсілдерін" көрсетті, № 8 ЖББМ мұғалімі Алпысова Гүлден Каирбаевна "Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі бағыттары" тақырыбындағы жұмысымен таныстырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс көрсетті. Аталған мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін жалпылау, пән апталығына әріптестерінің ашық сабақтар мен іс-шараларға қатысуы талқыланды. Сондай-ақ мұғалімдердің түрлі деңгейдегі: мектеп, облыстық, республикалық іс-шараларға қатысуы. Оқушылардың пән бойынша олимпиадаларға, конкурстарға қатысуы. Отырыс соңында жартыжылдық жұмысының қорытындысы шығарылды. 1 жартыжылдықта білім сапасына мониторинг жүргізілді.