11.01.2022
10.01.2022 жыл орыс мектептерде қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдерінің аудандық ассоциация отырысы өткізілді.
Аудандық тілдердің әдіскері Асель Мухтаровна отырысты ашып, бірінші жарты жылдықты қорытындылады. Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдерінің аудандық байқауларда белсене қатысуы мен дайындықтары туралы ақпараттармен бөлісті. Жаңа аттестацияның ережесіне тоқталды. Пәнге ерекше көңіл бөліп, стандартты сақтау,ресурстарды көбірек қолдануды атап айты. Әр мұғалімнің юутуб каналы болуы керек. Іс тәжірибесімен бөлісу үшін өте тиімді. Екінші жарты жылда өткізілетін іс шаралармен таныстырды. Күн тәртібінде қаралатын тақырып «Критериалды бағалау – сапалы білім негізі» жалпы алып қаралды. Әріптестерден ой пікірлерімен бөлісуді сұрады. Өте өзекті тақырып, осы тақырыпты әрбір мұғалімнің курстан алған білімі мен өзіндік оқу тәжірибелерін іске асыруы керек. « Критериалды бағалау – сапалы білім негізі» осы тақырып бойынша әдістемелік ассоциация жетекшісі Рымхан Назигул ой- пікірімен бөлісті. Тақырып аясында өзекті мәселелердің барын айты. Сабақ жоспарын құрмас үшін қолымызда Блум таксономиясы, саралаудың он дағдысы , тақырыпты ашатын ресурстар қажет етіледі. Оқу мақсатынан,сабақтың мақсаты, критериалды бағалау ,дескрипторлар,қалыптастырушы бағалау, кері байланыс, рефлексияларды әрбір сабақта қадағалап, дұрыс сабақ жоспарын құруымыз қажет.Әріптестер сабақ оқу мақсатына толық жету үшін тимді әдіс-тәсілдерді дұрыс тұрақты қолданайық. Отырыс мәресіне жетті,толық мәліметтер берілді.