27.12.2021
2021 жылдың 24 желтоқсанында ZOOM платформасында конференция режимінде Атбасар ауданының білім беру ұйымдарының басшылары, білім бөлімінің әдіскерлері мен мамандарымен аудандық білім бөлімі Кеңесінің отырысы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: №1 ОМ, Адыр НМ жәпе Покровка ОМ «Қазақ тілі» пәнін оқыту жағдайы туралы. (әдіскер Қозыбакова А.М.), «Қарлығаш» Б/Б, «Айгөлек» Б/Б мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбие мен оқытудың жағдайы туралы (әдіскер Семенча И.В.) , сайттар мен әлеуметтік желілердің Instagram, Facebook жұмысы туралы (инженер Самсонова Е.В.), Сергеевка ОМ, Садовое НМ және №3 ОМ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша. (әдіскер Қ.Қ. Нұрмағамбетова).
Келесі мәселелер қаралды: өткен кеңестің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы; мектепішілік бақылау туралы; бітірушілерді алдын ала жұмысқа орналастыру туралы; екінші оқу тоқсанының аяқталуы туралы; оқушылардың оқу сабақтарына қатысуы туралы.