Текст
2021 жылдың 20 желтоқсанында № 1 жалпы білім беретін мектепте педагогикалық ұжымның және балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы тәрбиеленушілерінің бастамасымен Елена Александровна Дмитриенконы еске алуға арналған "Жетекші жұлдыз" қалалық конференциясы өтті. Конференцияға онлайн режимінде Ақмола облысы білім басқармасының бас маманы Ли Марина Борисовна және "Жұлдыз" ДББҰ экс-президенті Пятков Александр Сергеевич қатысты.